«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ кешені Наурыз мейрамын тойлады

19 Наурыз
2024
КРІ кешені Наурыз мейрамын тойлады
Еліміздегі газ-химия кешені Наурыз мейрамын жылдағыдай атойлатып атап өтті. Зауыт аумағында үлкен үш киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Қызметкерлер бір-бірін мерекемен құттықтап, сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырып көрісті. Елге амандық, еңбектеріне табыс тіледі. Бір-біріне сыйлық тарту етті. Ән шырқалып, күй шертілді.

-КРІ компаниясы тек қана өндіріске емес, ұлттық құндылықтарға, ұлттық мейрамдарға үлкен көңіл бөледі. Өйткені ұлттық идея болмай экономикамыздың шарықтап дамуы мүмкін емес. 18 наурыз – ұлттық киімдер күні. Соған байланысты әрі әз-Наурыз мейрамымызды компанияның алдында атап өткенді жөн көрдік. Жаңа жылымыз молшылық әкелсін. Компаниямыз әрқашан биік белестерден көрініп, өркендей берсін! Мереке құтты болсын!»,- деді өндіріс басшысы Болат Абдуалиев.

Мұндай мерекелік іс-шара ұжымның ауызбіршілігін нығайтып, жұмыс барысында көңілді жүруге көмектеседі анық. Сондықтан ұйымдастырушылар іс-шараға дайындық барысында ұсақ-түйекке дейін мән беріп, көптің көңілінен шығуға тырысты. Концерттік бағдарлама аясында зауыт қызметкерлері де өз өнерлерін ортаға салды.

Жігіттер арқан тарту, қой көтеру,ләңгі тебу сияқты жарыстардан сынға түсті. Жарыс нәтижесі бойынша

Ұлттық спорт түрі қой көтеруден: