«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ PetroPolymers&PetroChemicals 2024 форумына қатысты

26 Ақпан
2024
КРІ PetroPolymers&PetroChemicals 2024 форумына қатысты
Атырауда Petrocouncil (Қазақстанның мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту жөніндегі кеңес) ұйымдастыруымен PetroPolymers&PetroChemicals 2024 —Қазақстандағы мұнай-химия және полимерлер нарығы форумы өтті.

Жиында мұнай-газ және газ-химия кәсіпорындарының басшылары мен жетекші мамандары жобаларын таныстырды. Олардың ішінде КРІ, QazagGaz» «ПетроХим”, «СИБУР»«ТатНефть», «Бутадиен», «ANPZ» Chevron, NCOC, KPO және басқа компаниялар бар.

Kazakhstan Petrochemical Industries зауытының жұмысы туралы газ-химия кешенінің бас инженері-өндіріс басшысы Болат Абдуалиев баяндады.

«Біздің кешен толықтай замануи құрылғылармен жабдықталған. Іске қосылғалы 240 мың тоннадан астам полипропилен өндірді. Бүгінде өндірісті тұрақтандыру, ассортимент санын көбейту бойынша жұмыстанып жатырмыз. Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында да жобалар іске асып жатыр. Даму бағытындағы жоспар көп », — деді Болат Абуалиев.

Форум барысында екі панельдік сессия ұйымдастырылды: Мұнай-газ саласында полимерлерді өңдеу және локализациялау жобаларын дамытуды қолдау құралдары және Қазақстандағы мұнай-химия жобалары. Басқосуда  полипропиленді қайта өңдеу жөніндегі шағын индустриялық аймақты құру және дамыту, мұнай-газ химия саласында жаңа жобалардың мәселелері талқыланды.

КРІ — еліміздегі пропаннан полипропилен өндіретін тұңғыш кешен. Қазірде өндірілген полипропилен ішкі нарыққа және экспортқа шығарылады. Ол туралы зауыттың сату және маркетинг басшысы Данила Могилевцев баяндады.

-КРІ полипропиленнің сапалы әрі нарықта сұранысқа ие 7 түрін өндіріске енгізді. Осының арқасында елдегі импорт бір жыл ішінде 45%  қысқарды. PP H030 GP маркасының нарықтағы сұранысы —  80%. Полимер нарығындағы өндірушілер, өңдеушілер, ассоциациялар, мемлекеттік органдармен ашық диалог жүргізіп, бірлескен жұмыс жүрсе, импортқа тәуелділікті бұдан да азайтуға болады.»,-деді ол.