«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Жалпы ақпарат

Компанияның стратегиялық мақсаты — 2021 жылға қарай полипропилен және газ өңдеу мен мұнай-химиясының басқа да өнімдерін тиімді және жоғары рентабельді отандық өндірушіге айналу.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 101 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде, кейіннен ішкі нарық пен экспортқа өткізу үшін қосымша құны жоғары мұнай-химия өнімдерін өндіру кешенінің бастапқы шикізат ретінде Теңіз кен орнынан газдың үлкен көлемін пайдалану мақсатында әзірленді. Жоба "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 Қаулысымен бекітілген стратегиялық инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілді.

Полипропилен өндіру кешенінің құрылысы кейіннен саланың жоғары технологиялық базалық өнімін алудың, өңірде мұнай-химия кластерін құрудың бірінші кезеңі болып табылады.

Жоба пропанды (бірінші фаза) және этанды (екінші фаза) терең өңдеу бойынша әлемдік деңгейдегі қазіргі заманғы технологияларды қолдануды көздейді, жылына 500 000 тонна полипропилен.

Кешеннің алаңы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км, Қарабатан бекетінен солтүстікке қарай 8-9 км жерде орналасқан. Учаске қолданыстағы темір жолға (9,2 км), автомобиль жолына (6,3 км), су құбырына, электр желісіне және тасымалдауға арналған құбырларға жақын орналасқан. Алаңдарды таңдау және учаскелерді жоспарлау кезінде жалпы кеңінен танылған халықаралық стандарттар мен оң инженерлік-техникалық тәжірибеге сәйкес барлық қауіпсіз қашықтықтар ескерілді.

“Жобаны іске асыру нәтижесінде құрылыс кезеңінде 3 000-нан астам жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 500-ден астам жұмыс орнын құру, пластикалық бұйымдар шығаратын полипропилен базасында шағын және орта бизнесті дамыту, салық базасын кеңейту, сондай-ақ аралас салаларды дамыту көзделіп отыр.”

Жоба Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық - инновациялық даму жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығы) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №495 Жарлығымен "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы құрылды ("Технопарк" АЭА").

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы №1072 қаулысымен бекітілген ҚР мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілген.