«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Жаңалықтар мен оқиғалар

26 Наурыз
2024
РР мамандары Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды

РР мамандары Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды

22 наурыз полипропилен өндірісі (РР) мамандары Наурыз мейрамына орай, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып, ата-ана қамқорынсыз қалған бөбектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

19 Наурыз
2024
КРІ кешені Наурыз мейрамын тойлады

КРІ кешені Наурыз мейрамын тойлады

Еліміздегі газ-химия кешені Наурыз мейрамын жылдағыдай атойлатып атап өтті. Зауыт аумағында үлкен үш киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Қызметкерлер бір-бірін мерекемен құттықтап, сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырып көрісті. Елге амандық, еңбектеріне табыс тіледі. Бір-біріне сыйлық тарту етті. Ән шырқалып, күй шертілді.

8 Наурыз
2024
Айзада Галиева: Мен өзімді мұнай-газ-химия саласынан басқа жерде елестете алмаймын

Айзада Галиева: Мен өзімді мұнай-газ-химия саласынан басқа жерде елестете алмаймын

Айзада — КРІ компаниясының өндірісті басқару қызметінің жетекші инженері. Мұнайшылар әулетіне өмірге келген Айзада болашақ мамандығын бала кезде-ақ таңдап қойған. Мектепті аяқтағаннан кейін Алматы қаласына Қазақ Ұлттық техникалық университетінің органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығына оқуға түсіп, 2012 жылы бакалавр дәрежесіне ие болды.

26 Ақпан
2024
КРІ PetroPolymers&PetroChemicals 2024 форумына қатысты

КРІ PetroPolymers&PetroChemicals 2024 форумына қатысты

Атырауда Petrocouncil (Қазақстанның мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту жөніндегі кеңес) ұйымдастыруымен PetroPolymers&PetroChemicals 2024 —Қазақстандағы мұнай-химия және полимерлер нарығы форумы өтті.

31 Қаңтар
2024
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің екі студенті КРІ зауытынан дуалды оқыту бойынша практикадан өтіп жатыр

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің екі студенті КРІ зауытынан дуалды оқыту бойынша практикадан өтіп жатыр

Нұрсұлтан Рахметуллаұлы мен Ернар Амангелиев Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің 3 курс студенттері. Екеуінің де болашақ мамандығы – электр жабдықтарын монтаждаушы. Бүгінде олар КРІ газ химия кешенінде теориялық білімдерін арттырып, практикамен ұштастырып, дуалды оқыту бойынша тәжірибеден өтуде. Бұл екі студент КРІ кешені мамандары дуалды оқыту бойынша өткізген іріктеуде жақсы нәтиже көрсеткен.

31 Қаңтар
2024
«KPI Inc.» ЖШС қалалық кеңсесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

«KPI Inc.» ЖШС қалалық кеңсесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

29 қаңтарда Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру және төтенше жағдайлар кезінде персоналдың іс-әрекетін пысықтау шеңберінде Атырау облысы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатысуымен «KPI Inc.» ЖШС қалалық кеңсесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

19 Қаңтар
2024
Азамат Кашимов: Қазіргі жетістікке еңбек пен білімнің арқасында жеттім

Азамат Кашимов: Қазіргі жетістікке еңбек пен білімнің арқасында жеттім

Азамат Кашимов — КРІ компаниясындағы білікті мамандардың бірі. Ол Сафи Өтебев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде білім алды. Оқуды аяқтаған соң еңбек жолын АМӨЗ-де механикалық жөндеу цехының технологиялық қондырғыларды сыртқы жөндеу жөніндегі слесарь шебері болып бастады.

8 Қаңтар
2024
Мәулен Әшімбаев «KPI» ЖШС өндірісімен танысты

Мәулен Әшімбаев «KPI» ЖШС өндірісімен танысты

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев сенаторлардың өңірлерге сапары аясында еліміздегі газ-химия кешені “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” компаниясына келді. Кездесуде өңдеу өнеркәсібін, экономиканың жаңа салаларын дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев бүгінде зауыттың бірнеше марканы игеріп, оны елімізге және экспортқа жөнелтіп жатқаны туралы баяндады.

29 Желтоқсан
2023
Жаңа жыл қарсаңындағы жаңа марка

Жаңа жыл қарсаңындағы жаңа марка

KPI компаниясы полипропиленнің PP H350 FF/7 деп аталатын жаңа сортын (PP) сәтті өндірді. Бұл марка қарқынды дамып жатқан полимер нарығында сұранысқа ие.