«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«KPI Inc.» ЖШС қалалық кеңсесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

31 Қаңтар
2024
«KPI Inc.» ЖШС қалалық кеңсесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті
29 қаңтарда Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру және төтенше жағдайлар кезінде персоналдың іс-әрекетін пысықтау шеңберінде Атырау облысы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатысуымен «KPI Inc.» ЖШС қалалық кеңсесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша 2-қабаттағы компьютерлік оқу-жаттығу кешенінде электр желісіндегі тұйықталу орын алып, кеңсе құрал-жабдықтары өртенді.
Өрт дабылы ойнағаннан кейін 5 минут ішінде барлық қызметкер (113 адам) эвакуацияланды. Эвакуация өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қатаң түрде баспалдақты марш бойынша жүргізілді.

Оқу-жаттығу барысында ғимараттың 7-қабатынан 1 адам құтқарылды. Іс-шара оқыс оқиғасыз және оқу-жаттығу жобасына сәйкес өтті.

Атырау облысы гарнизонының өртке қарсы қызметінің басшылығы оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрамның жұмысына оң бағасын берді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға барлығы 8 бірлік техника және 47 өртке қарсы қызмет гарнизонының жеке құрамы жұмылдырылды.