«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ бөгет салу жұмысын жалғастырып жатыр

8 Сәуір
2024
КРІ бөгет салу жұмысын жалғастырып  жатыр
“Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” компаниясының жұмыс жасағы Айнаш Байжігітова, Бейбітшілік, Бауыржан Момышұлы және Асқар Бисекенов көшелерінің жағасын көтеру жұмыстарын 24 сағат бойы, 2 ауысыммен іске асыруда.

Жасақтың жұмысын  бас директор Данияр Тиесов тексерді.

-Жайық жағасын көтеру жұмысына ерікті түрде атсалысып жүрген барша қызметкерге алғыс айтамын. Жігіттер ұйықтамай, екі ауысыммен жұмыс жасап жатыр. Еңбегіміз ақталысын,-деді ол.

8 сәуір, түнде жұмыс жасағы өзі жауапты аумаққа қосымша тағы 8 техника, сондай-ақ, Ақкиізтоғай ауылы мен Махамбет ауданына қажетті техниканы жеткізді.