«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

РР мамандары Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды

26 Наурыз
2024
РР мамандары Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды
22 наурыз полипропилен өндірісі (РР) мамандары Наурыз мейрамына орай, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып, ата-ана қамқорынсыз қалған бөбектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

-Біз жігіттермен қазақтың ұлттық жаңа жылын балаларға сезіндіріп, рамазан айында сауапты іс жасау үшін бейімдеу орталығының басшылығымен келісіп, балаларға тәтті бокстар жасақтап, аниматорлар жалдап, түскі ас ұйымдастырдық. Бүлдіршіндері қуанғанын көру керемет әсер сыйлады,-деді Каиргузин Раимбек.

Мекемеде 1,5 мен 17 жас аралығындағы балалар өмір сүріп жатыр. Жігіттер бұл акцияны көпшілікке жариялау қандай да бір мақтан үшін емес, басқа бөлімдер арасында да дәстүрге айналса екен деген ниет екенін айтады.

-Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді екен. (Облыс әкімшілігі бірнеше жылдан бері жаңа ғимарат уәде етіп келеді) Балалардың осындай жерде тұрып жатқаны көңілге қаяу салады, бірақ дәл қазір әңгіме ол туралы емес. Біз барған кезде балалар сондай қуанды. Бізге шынайы эмоцияларымен, таза махаббаттарын сыйлады. Үлкен жүрегі бар адамдар болу үшін көп нәрсе қажет емес. Тек жақсылық жасауға құштар жүрек болса болды,-дейді РР операторы Владимир Ким.