«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Полипропилен өндіретін зауыт электр энергиясын қабылдады

21 Шілде
2021
Полипропилен өндіретін зауыт электр энергиясын қабылдады
16 шілдеде Атырау облысындағы бірінші интеграцияланған газ-химия кешені «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нен 110 кВт басты төмендеткіш қосалқы станцияға электр энергиясын қабылдады. Естеріңізге салайық, іске қосуалды және іске қосу-жөндеу жұмыстары мен зауыттың өндірістік жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті энергия ресурстарын уақытылы жеткізу керек.

Өндірісті қолдау бойынша бас инженердің орынбасары Рахметулла Қапановтың айтуынша, қазіргі кезде 72 сағаттық шыдамдылығын бақылау үшін тестілік өлшемдер жүргізілуде. Жабдықтар штаттық режимде жұмыс жасап тұр, жоба операторы KPI («Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.») вахталық жұмысшылар жасақталып, мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар құрылыс бойынша бас мердігер CNCEC компаниясымен бірге кезекшілік орнатылды.

«Аталған жұмыстардан кейін электр энергиясы екінші трансформаторға беріледі, ол да 72 cағат тексеруден соң зауыт толықтай электр энергиясын қабылдады деп айта аламыз. Одан соң динамикалық және басқа да жабдықтарды жеке сынақтан өткізу үшін қосалқы станциядан энергияны бүкіл кешенге тарату жұмыстары бар», деді ол.
Осылайша, зауытта іске қосу-жөндеу жұмыстарын бастау үшін алғашқы қадам жасалды.

Анықтама үшін:
"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС 2008 жылы құрылған және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобына кіреді. "KPI Inc." қатысушылары: 99%-"Біріккен химиялық компания" ЖШС ("Самұрық - Қазына "ҰӘҚ" АҚ 100% еншілес ұйымы), 1% - "Фирма Алмэкс Плюс" ЖШС.
"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС және "China National Chemical Engineering Company" (ҚХР) арасында 2015 жылғы 15 желтоқсанда 1 865 млн. АҚШ долларына ЕРС-келісімшарт жасасты. Несиелік келісімге 2016 жылдың қыркүйегінде қол қойылды.
2018 жылғы 28 маусымда "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ тапсырмасына сәйкес "KPI Inc." ЖШС 2018 жылғы 28 маусымда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-на сенімгерлік басқаруына берілді.