«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Біріккен газ-химия зауытында пропан беру басталды

10 Шілде
2022
Біріккен газ-химия зауытында пропан беру басталды
8 шілдеде “Самұрық-Қазына" компаниялар тобына кіретін Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы Атырау қаласындағы біріккен газ-химиялық зауытта іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлады.

Зауытта технологиялық қондырғыларға пропан беру басталды. Келесі аптада компания іске қосу – реттеу жұмыстарының екінші кезеңіне - пропанды дегидрлеу реакторларына катализаторды жүктеуге кіріседі. Зауытта өндірісті іске қосу тамыз айына белгіленген.

Атырау маңындағы біріккен газ-химия кешені - Қазақстанның мұнай-газ-химия саласындағы алғашқы ірі жобасы.
Зауытта Теңіз кен орнынан жеткізілетін пропаннан полипропилен өндіріледі. Бұл - пластикалық жіптер, құбырлар, пленкалар, сөмкелер, медициналық және басқа да өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат.
Зауыттың қуаттылығы жылына 500 000 тонна полипропиленді құрайды.